Семейде ер азамат аспалы көпірден секірмек болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: wikipedia.org
Семей қаласындағы аспалы көпір / фото: wikipedia.org

Семей қаласында жақында ашылған аспалы көпірден бір ер азамат секірмек болды. Оны психологтың көмігемен құтқарып қалды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Министрлік мәліметінше, Абай облысының төтенше жағдайлар департтаменті 112 пультіне Семей қаласындағы жаңа көпірдің пилонына ер адамның көтерілгені туралы хабар түсті.

Оқиға орнына жедел түрде ТЖМ, полиция, жедел медициналық жәрдем және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жіберілді. Ер адаммен байланыс орнату үшін пилонға психолог пен құтқарушысы көтерілді.

Сонымен бірге құтқарушылар Ертіс өзенінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында құтқару қайықтарын орналастырып, жағдайды әуеден бақылау және бағалау үшін дрон қолданды.

Ер адаммен келіссөзді Шұғыл құтқару жасағының бөлімше бастығы, құтқарушы Ринат Бабаджанов жүргізді. Оның кәсіби біліктілігі мен барлық қызметтердің жедел әрекетінің арқасында ер адамды пилоннан түсірді.

Сондай-ақ оқыңыз