Елордалық адамдарды бизнеске деп несиеге көлік алғызып, оларды Ресейге сатып жіберген

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Елордалық адамдарды бизнеске деп несиеге көлік алғызып, оларды Ресейге сатып жіберген
Елордалық адамдарды бизнеске деп несиеге көлік алғызып, оларды Ресейге сатып жіберген/Фото: shutterstock

Өзін ауқатты кәсіпкер ретінде көрсетіп, елорда тұрғындарын алдаған азаматқа қатысты сот үкімі шықты.

Ол 4 жәбірленушіні іскерлік ынтымақтастық аясында автонесие алуға көндірген. Несиені өзі төлеп, көліктерді бизнесте пайдалануға уәде береді. Алайда көп ұзамай көліктерді Ресейге апарып сатып, түскен ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған.

Жәбірленушілер миллиондаған қарызбен қалған. Келтірілген шығын көлемі 270 млн теңгеден асқан.

Сот ер адамды кінәлі деп тауып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырған.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Елорда прокуратурасы бөтеннің мүлкін ұрлау, алдау немесе сенімге қиянат жасау арқылы иелену әрекетіне мүлкін тәркілеп, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін атап өткен.

Бұған дейін, әлеуметтік желіде табысты көрініп, танымал болу үшін 5 ай бойы алаяқтық жасап келген ер адам сотталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз