АҚШ ағылшын тілін білмейтін шет елдік жүк көлігі жүргізушілеріне виза беруді тоқтатты

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
АҚШ ағылшын тілін білмейтін шет елдік жүк көлігі жүргізушілеріне виза беруді тоқтатты
АҚШ ағылшын тілін білмейтін шет елдік жүк көлігі жүргізушілеріне виза беруді тоқтатты/Фото: shutterstock

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио ел билігі коммерциялық жүк көліктерінің жүргізушілеріне арналған барлық жұмыс визасын дереу тоқтаткенін мәлімдеді, деп жазады Reuters.

Басылым шешім Президент Дональд Трамп әкімшілігінің ағылшын тілін білмейтін шетелдік жүргізушілер мәселесін шешу үшін қабылдаған шаралардың аясында қабылданғанын атап өткен.

Сәуір айында Трамп АҚШ-тағы коммерциялық жүргізушілерге ағылшын тілін білу стандарттарына сай болуды міндеттейтін ережені орындауды көздейтін жарлыққа қол қойған.

АҚШ-та жүк көлігінің жүргізушілеріне арғалған ағылшын тілін білу талабы бұрыннан бар. Алайда Трамп сәуірде 2016 жылғы нұсқаулықты жойған. Ол бойынша инспекторлар жүргізушінің жалғыз бұзушылығы ағылшын тілін білмеуі болса, оны рейстен шеттетпейтін.

АҚШ-тың көлік министрі Шон Даффидің айтуынша, жүргізушілердің біліктілік стандарттарын жеткілікті деңгейде сақтамауы – қауіпсіздікке қатысты елеулі қиындықтар туғызып, апат қаупін арттырады.

FMCSA деректері бойынша, 2023 жылы АҚШ жүк көліктерін жүргізетіндердің шамамен 16%-ы елден тыс жерде туған.

Маусымда Трамп әкімшілігі 50-ге тарта елдің азаматына АҚШ-қа кіруге тыйым салатыны хабарланған.

Сондай-ақ оқыңыз