Nissan құны 10 мың доллар тұратын шағын автокөлігін жаңартты

Nissan арзан болған соң көптеп сатылып жатқан шағын автокөлігін жаңартты. Төртінші буынға жататын Roox кей-кары жыл аяғында саудаға түседі. Бұл туралы Bloomberg хабарлайды.
Агенттік мәліметінше, Nissan жапон компаниясы шағын автокөлікті 10 800 долларға (шамамен 5,8 млн теңге) бағалап отыр. Жаңа көлік отынды ұзақ жағады. Оның қауіпсіздігі артты.
Бензинмен жүретін Roox алғаш рет нарыққа 2009 жылы түсті. Жылда орташа есеппен 80 мың көлік сатылады. Ол Nissan шығаратын көліктердің ең танымал үлгілерінің бірі.
Жапонияда кей-карлар арасында ең көп сатылатыны – Honda өндіретін N-BOX. 2024 жылы осындай 200 мың көлік сатылған. Ол Жапонидя аккумулятордан қуат алатын ең көп сатылатын көлік.
Микровэн әзірге Жапонияның ішкі нарығында ғана саудаланады.
Бұған дейін Kursiv.Media алты орындық, жол талғамайтын Tesla YL қанша тұратыны мәлім болғанын жазған.