Конституция күніне орай төленетін біржолғы жәрдемақыны кімдер алады?

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Әкімдік Конституция күніне орай біржолғы жәрдемақы төлеуге шешім шығарды / фото: фото: KursivMedia мұрағаты
Әкімдік Конституция күніне орай біржолғы жәрдемақы төлеуге шешім шығарды / фото: фото: KursivMedia мұрағаты

Конституция күніне орай Астана әкімдігі 2,5 АЕК көлемінде жәрдемақы төлейтін болды. Бұл – шамамен 10 мың теңге.

Бұл біржолғы төлем 30 тамызда Семей полигонындағя ядролық сынақтардан зардап шеккендерге төленеді.

Бұл туралы Елорданың Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы хабарлады.

Нақты айтқанда, экологиялық апаттың зардабын тартқандардың қолына 9 830 теңгеден тиеді.

Басқарманың ақпаратына қарағанда, бұл қаражатты Астананың үш мыңға жуық тұрғыны ала алады.

Мұның алдында Семей ядролық полигонының тарихы мен жергілікті тұрғындарға, қоршаған ортаға тигізген залалы туралы жазған едік.

Сондай-ақ оқыңыз