Президент Бішкекте әкесі Қемел Тоқаев оқыған мектепке барды
Жарияланды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Бішкектегі Қемел Тоқаев атындағы №33 мектеп-гимназиясына барды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Бұл ғимаратта Ұлы Отан соғысы жылдарында Фрунзе жаяу әскер училищесі орналасқан болатын. Дәл осы жерден жазушы Қемел Тоқаев майданға аттанған еді.
Биыл мамыр айында Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров осы білім ордасына Қемел Тоқаевтың есімін беру туралы бастама көтерген болатын. Сапар барысында Тоқаев мектеп-гимназияның ұстаздарымен және оқушыларымен әңгімелесті.