Конституция күніне орай Астанада не өтеді

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Конституция күніне орай Астанада не өтеді
Конституция күніне орай Астанада не өтеді/Фото: shutterstock

Қазақстан Конституциясының 30 жылдығын мерекелеу аясында елордада өтетін спорттық-мәдени, әлеуметтік-интеллектуалдық іс-шаралардың тізімі шықты.

23 тамыз

  • Байқоңыр ауданы әкімінің кубогына мемлекеттік ұйымдар арасында футбол турнирі өтеді.

24 тамыз

  • Қыздар арасында волейбол чемпионаты («Ұлытау»).
  • «ALMATY RUN» жарысы (Триатлон саябағы).

25 тамыз

  • «Ата заңымыз – айбатты!» құқық сабағы (№4 кітапхана).
  • Зейнеткерлер арасындағы шахмат жарысы (Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы).
  • «Конституция – бірліктің нышаны» челленджі (Е.Серкебаев атындағы мектеп).
  • «Ата Заң – тәуелсіздік тірегі» балалар сурет байқауы (Байқоңыр ауданы).

26 тамыз

  • «Айбарлы асқар елді асқақтатар Ата Заң!» поэзия байқауы (№1 өнер мектебі).

27 тамыз

  • «Астана кубогы» велоспорттан жарыс.
  • Көркем гимнастика (ашық чемпионат).
  • «Жетісу» саябағында инклюзивті фестиваль.
  • «Біздің заң – біздің болашағымыз» ұрпақтар диалогы.
  • Жастардың экологиялық акциясы.
  • Кітапханаларда көрмелер мен адамгершілік сабақтары.
  • Ұлттық академиялық кітапханада «Мемлекеттілікті нығайтудың 30 жылы» кездесуі.
  • Ардагерлер арасында шахмат пен үстел теннисі (27–28 тамыз).

28 тамыз

  • Көзі нашар көретіндерге арналған танымдық сағат.
  • «Адалдық – сенім» челленджі (Оқушылар сарайы).
  • «Конституция – әділдік пен бірліктің кепілі» пікірталасы (Достық үйі).
  • Оқушылар арасындағы шахмат турнирі (№79 мектеп).

29 тамыз

  • «Конституция – мәңгілік елдің тұғыры» көрмесі (Байқоңыр ауданы).
  • Мини-футбол, қол күресі және арқан тарту турнирлері.
  • Филармонияда және жағалауда концерттер.
  • «АЛЖИР» музейінде дәріс.
  • Ту тарату акциялары және викториналар.

30 тамыз – Конституция күні

  • А.Мәмбетовов атындағы театр алдындағы концерт.
  • Волейбол, теннис, асық ату ойындары.
  • «Астана Орманы» аумағында жаппай велошеру.
  • «Арбатта» этномәдени орталықтардың концерті.

31 тамыз

  • «Saryarqa Run» марафоны.

Сонымен қатар, мерейтой құрметіне жаңа аулалар, 14 мың орындық мектептер және балабақшалар ашылады.

Бұған дейін, әлемге танымал италиялық әнші Андреа Бочелли Алматыда концерт беретінін жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз