Есентай сауда үйінің маңында өрт шықты
Жарияланды

Алматының жоғарғы жағында, шамамен Есентай сауда үйінің маңында әлдене өртеніп жатыр.
Өрт түтіні бейнеленген видеоны KursivMedia-ға куәгерлер жіберді.
Толықтыру:
Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт Алматы қаласы Медеу ауданының «Горный гигант» шағын ауданындағы жеке тұрғын үйде шыққанын, қазіргі уақытта құтқарушылар өртті сөндіруде жоғары дәреже бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады. Өрт көрші ғимараттың шатырына ауысқан.
Жергілікті жерде жедел штаб ашылып, 3 жауынгерлік учаске ұйымдастырылды. Оқпандар енгізіліп, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілген.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеген.
Бұған дейін, Төтенше жағдайлар министрлігі ауа райына байланысты өрт қаупінің 5-деңгейін жариялаған.