Тоқаев Макронмен телефон арқылы сөйлесті
Жарияланды

Президент Қ.Тоқаев Франция Президенті Эмманюэль Макронмен телефон арқылы сөйлесті.
Ақорданың ақпаратынша, әңгімеге француз тарапы бастамашылдық танытқан.
Мемлекет басшылары екіжақты қарым-қатынастың қарқынды өрбіп келе жатқанын атап өтіп, сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеуге уағдаласқан.
Сондай-ақ президенттер Біріккен Ұлттар Ұйымының 80 жылдығы қарсаңында халықаралық күн тәртібі жөнінде пікір алмасқан.
Бұған дейін, президент Қырғызстанға ресми сапармен барып, қырғыз президенті Садыр Жапаровпен келіссөз жүргізген.