QJL All Stars пенальти сериясында мадридтік «Атлетико» командасына есе жіберді

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Freedom QJ League қонақ командаға есе жіберді / Фото: qjl.kz

Freedom QJ League жұлдыздары мен Мадридтің «Атлетико» жастар командасы арасындағы матч өз мәресін жетті. Ойынның негізгі уақыты тең аяқталғанымен, пенальти сериясында қонақ команда жеңіске жетті.

Қос командаға жанкүйер болып келгендердің қарасы қалың болды. Freedom Ticketon арқылы сатылған билеттердің барлығы өтіп кетті – трибунада 3 115 жанкүйер жиналды.

Ойын басталар алдында көрермендер Лиганың өткен Жұлдыздар матчтарына арналған әсерлі лазерлік шоуын тамашалады.

Фото: qjl.kz

Ал матчтың шымылдығын  ҚФФ президенті Марат Омаров, Қазақстандағы Испания елшісі Франсиско Мартинес Монтес, Freedom QJ League қамқоршылық кеңесінің төрағасы Тимур Турлов, «Атлетико Мадрид» академиясының Қазақстандағы жетекшісі Шалқар Нүртлеу, сондай-ақ Лига президенті Рохус Шох ашып берді. Олар қос командаға сәттілік тілеп,  бұл ойынның маңыздылығына тоқталып өтті.

Фото: qjl.kz

Испания және Қазақстан гимндері орындалып, төрешінің ысқырығы ойынды бастап берді. Бірінші таймда есепті испандық футболшылар ашты. Ойынынң 9-минутында-ақ испандық Гонсало Гросс гол авторы атанды. Алайда бірінші таймда басқа гол болмады.

Фото: qjl.kz

Екінші таймда QJL All Star құрамасы есепті теңестіре алды – 58-ші минутта қарсыластың қақпасын Максат Абраев дәл көздеді.

Фото: qjl.kz

Матч тағдырын пенальти сериясы шешті. Онда испан футболшылар басымдық танытты. Қонақ команда ойыншылары бір ұпайға басым түсіп, 5:4 ұпайымен жеңіс туын желбіретті.

Сондай-ақ оқыңыз