«Қайрат» — «Селтик» матчына қосымша билеттер сатылымға шығады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайрат Селтик
«Қайрат» — «Селтик»: қосымша билеттер сатылымға шығады / фото: fckairat

25 тамыз күні сағат 13:00-де УЕФА Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде өтетін «Қайрат» — «Селтик» ойынына қосымша билеттер сатылымға шығады. Бұл туралы «Қайрат» футбол клубы хабарлады.

Бұл мүмкіндік УЕФА тарапынан резервтен қайтарылған билеттердің есебінен пайда болды. Қайтарылған шамамен 1000 орын клуб иелігіне берілді. Енді жанкүйерлер оларды сатып ала алады.

Билеттерді Qairat SuperApp мобильді қосымшасы арқылы, сондай-ақ Ticketon сайтынан алуға болады.

Ұйымдастырушылар әр жанкүйерге тек бір билеттен ғана рәсімдеуге болатынын ескертеді. Сонымен қатар, алыпсатарлардан алынған билеттер жарамсыз деп танылады. Егер стадионға кірер кезде жеке басын куәландыратын құжаттағы деректер билеттің иесімен сәйкес келмесе, жанкүйер стадионға кіргізілмейді.

Еске сала кетейік, 26 тамыз күні сағат 21:45 те Алматыда өтетін «Қайрат» пен «Селтик» матчына билеттер сатылымға шыққан күні-ақ, бір жарым сағаттың ішінде сатылып кеткен. Желіде алыпсатарлар 5-6 есе қымбат бағаға билеттерді ұсынған еді.

Сондай-ақ оқыңыз