20 жастағы ақтаулық жігіт Грузияда із-түссіз жоғалды
Жарияланды

Ақтау қаласының 20 жастағы тұрғыны Данияр Жақсылық Грузияда із-түссіз жоғалып кетті. Туыстары оны 18 тамыздан бері іздестіріп жатыр. Бұл туралы жергілікті Lada басылымы хабарлайды.
Маңғыстаулық басылым мәліметінше, Жақсылық Ақтаудан Тбилисиге түнгі рейспен ұшып барған. Оны соңғы мәрте әуежайды көрген. Шекарадан өткені тіркелген. Бірақ содан кейін онымен байланыс үзілген.
Жас жігіттің туыстары оны бір аптадан бері іздестіріп жатыр. Оларға «Lider.kz» іздестіру тобының еріктілері де қосылды.
Ерекшеліктері: бойы 175 см, орташа денелі.
Данияр Жақсылықты көрген немесе қайда жүргенін білетін адамдар болса, мына телефондарға хабарлассын: +7 (700) 499-7292 или 102.