Жезқазған – Астана пойызы кілт тоқтап, жолаушылар жарақат алды

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кей жолаушы жарақат алды/фото: ҚТЖ

Жезқазған – Астана бағытындағы пойыз жүк вагонына соқтығыспау үшін тоқтауға мәжбүр болды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 24 тамыз сағат 21:38-де Қызылжар – Түйемойнақ аралығында (Жарық – Жезқазған учаскесі) болған.

«12 км/сағ жылдамдықпен келе жатқан №107 жолаушылар пойызының машинисі кедергіге 300 метр қалғанда шұғыл тоқтады. Бұған жолда жүк вагонының тұрғаны себеп болған. Зардап шеккендер жоқ, кейбір жолаушы дереу тоқтау салдарынан жеңіл жарақат алды», – делінген ақпаратта.

ҚТЖ хабарлауынша, пойыз 23:14-те қайта қозғалды. Теміржол инфрақұрылымы мен локомотив зақымданбаған.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Ол жерде басқарма төрағасының орынбасары бастаған комиссия жұмыс істеп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін №109 және №110 Маңғыстау – Ақтөбе бағытындағы пойыздарының жолсеріктері наразылыққа шықты

Сондай-ақ оқыңыз