Telegram арқылы 100 млн теңгеге есірткі сатқандар 8 жылға сотталды

Қостанай қаласында Telegram арқылы есірткі саудасын ұйымдастырып келген қылымсытық топ мүшелеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті хабарлады.
Агенттік хабарлауынша, бір топ адам Telegram мессенджерінде «Thс Seller» атты наркошоп ашқан. Бұл виртуалды дүкенде 2 мыңнан астам тұтынушыға есірткі сатылған. Жалпы айналым көлемі 100 млн теңгеден асқаны хабарланады.
Қылмыстық топ, есірткі саудасынан түскен қаражатты дропперлердің көмегімен қолма-қол ақшаға айналдырып отырған.
Тергеу қызметкерлері тінту барысында жалпы салмағы 30 келіден асатын марихуана мен гашиш тәркілеген. Сонымен бірге заңсыз жолмен табылған ақшаға алынған екі автокөлік те тәркіленген.
«Сот үкімімен кінәлілер 8 жылға бас бостандығынан айырылды», – деп хабарлайды агенттік.
Еске сала кетсек, 20 тамыз күні Алматы әуежайына келген шетелдіктен 3 келгі есірткі табылған болатын. Шетел азаматы есірткіні бейтаныс адамнан сәлемдеме ретінде алғанын айтқан.
Сонымен қатар Қазақстан үкіметі есірткі саудасымен күрес жүргізу мақсатында есірткі бизнесін ұйымдастырушылардың мүлкі мен цифрлық активтерін алып қоюдың жаңа әдістемесін әзірлеген. Бұл әдістеме көмегімен прокуратура 9 млрд теңгенің қаржы ағыны тексеріліп жатқанын хабарлады.