«Қайнағаммен төсектес болдым»: емші адасқан әйелді түзу жолға салғанын айтты

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Емші келін мен қайнаға арасындағы құпия қарым-қатынас туралы баяндап берді / фото: ЖИ
Емші келін мен қайнаға арасындағы құпия қарым-қатынас туралы баяндап берді / фото: ЖИ

Нұрлы атты емші әрі құмалақшы жаға ұстатарлық оқиға туралы баяндап берді. Оның сөзінше, клиенттерінің бірі қайнағасымен көңілдес екен.

«Қайнағаммен төсектес болдым. Үнемі оны іздеп тұрамын. Бар ойым сол қайнағамда. Отбасым да, бала-шағам да ойым жоқ. Екі оттың ортасында қалдым. Енді не істеймін? Маған болжам жасап, жол көрсетіңізші?» – деп Нұрлы емшінің алдына келген.

Емші құмалақ ашып, бұл әйелдің болашағын көрген. Оның айтуынша, бұл қарым-қатынастың ешқандай келешегі жоқ екен. Жалғаса берсе, әйел үшін де, қайнағасы үшін де жақсылыққа әкеп соқпайтыны анық көрінген.

«Осыдан кейін мен бұл келіншекке «бұл қарым-қатынасты тоқтат» деп айттым. «Ол қоя алмаймын» деп жылап-еңіреп кетіп қалды. Арада бірнеше уақыт өткен соң, келіншек қайтадан алдыма жылап келді», – дейді емші.

Келіншек құмалақшыға ескертуі дәл келгенін айтқан.

«Қиналдым. Менің қарым-қатынасымды күйеуім біліп қала жаздады. Тіпті, өз-өзіме қол салуға дейін бардым», – деп көмек сұраған.

Құмалақшы қайнағасымен қарым-қатысты үзіп, өзінің бала-шағасын ойлап, құдайдан кешірім сұрауға кеңес беріпті. Сонда, өз күйеуімен болашағы жарқын болатынын болжаған.

«Қазіргі кезде мен ол келіншекке тазару емін, бар ынта-ықыласымен болашағына болжам жасап жатырмын», – дейді емші.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде осындай қарым-қатынас көбейіп кеткен. Ол мұндай күнәлердан аулақ болуға шақырып отыр.

Десе де, емшінің өзі оқырмандар тарапынан сынға қалып отыр. Олардың бірі мұсылмандарға құмалақ ашуға болмайтынын айтқан. Екінші бірі «алдымен өзін жындардан тазартуға» кеңес берген.

Мұның алдында анасы мен ұлының сүйіскені жұрттың жағасын ұстатқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз