Әскерге шақыру тәртібіне өзгерістер енгізілмек

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қайтыс болған әскери қызметкерлерге қанша қаражат төлейді?
Әскерге шақыру тәртібіне өзгерістер енгізілмек / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру тәртібіне өзгерістер енгізуді ұсынып отыр. Жобалық құжатқа сәйкес, әскерге шақырылушыларды SMS-хабарлама арқылы шақыру ресми түрде бекітіледі.

Сондай-ақ, жаңа түзетулерде азаматтарға әскерге шақырудан кейінге қалдыруды мемлекеттік қызмет арқылы рәсімдеу мүмкіндігі қарастырылған.

Құжат «Ашық НҚА» порталында жарияланып, 9 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды.

Еске сала кетейік, Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру жылына екі рет нақты белгіленген уақытта өтеді: күзде — 1 қыркүйектен 31 желтоқсанға дейін, көктемде — 1 наурыздан 30 маусымға дейін.

Сондай-ақ оқыңыз