26 тамыз күні Алматының бірнеше ауданы суық судан ажыратылады
Жарияланды

26 тамыз күні Алматының бірнеше ауданында суық су болмайды. Бұл туралы «Алматы Су» МКК хабарлады.
Мекеме мәліметінше, бұл күні қаланың сумен жабдықтау желілеріндегі технологиялық жабдықтары ауысытырылады.
«Осыған байланысты 26 тамызда сағат 00:00-ден 24:00-ге дейін Әуезов, Бостандық және Наурызбай аудандарының бөлігіндегі көшелер контурында орналасқан тұрғын үйлер мен әкімшілік ғимараттарға суық су беру уақытша тоқтатылады», – делінген хабарландыруда.
Қаланың мына аймақтарында орналасқан үйлер мен нысандар суық суыдан ажыратылады:
- Абай даңғылы-Саин көшесі-Шаляпин көшесі-Әшімов көшесі;
- Шаляпин көшесі-Саин көшесі-Жандосов көшесі-Яссауи көшесі;
- Жандосов көшесі-Үлкен Алматы өзені-әл – Фараби даңғылы-Саин көшесі;
- Жандосов көшесі-Саин көшесі-Асқаров көшесі-Қарғалы өзені.
- Дулати көшесі, Хан Тәңірі шағын ауданы.
Жөндеу жұмыстарына байланысты бірқатар аудандарда су қысымы төмендеуі мүмкін. Атап айтқанда, Алтынсарин даңғылы-Шаляпин көшесі-Саин көшесі-Абай даңғылы аймақтарында қысым төмендеу күтіледі.