Жетісу облысында бұрынғы педагог 8 жастағы қыз баланы ұрып, дене жарақатын салған
Жарияланды

Желіде Жетісу облысы Кербұлақ ауданында бұрынғы педагог Күнсұлу Мүлкібаева сегіз жасар қызды ұрғаны туралы ақпарат тарап жатыр.
Жетісу облысының Полиция департаменті экс-педагогтің қыз балаға қол көтергенін растады.
«Полиция аталған факті бойынша кәмелетке толмағанға дене жарақатын келтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Оқиғаға қатысы күдікті ұсталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайларын анықтауға бағытталған тиісті тергеу амалдары жүргізілуде», – делінген хабарламада.
Оқиға Кербұлақ ауданының Малайсары ауылында болған.
Бұған дейін, Шымкентте оқушыны ұрған мұғалім 25 күнге қамалған болатын.