Жоғарғы сот шағымын қарамаған 5 мыңға жуық адам кассациялық сотқа жүгінді

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Кассациялық сот бір айда 5 мыңға жуық арызды қабылдады/фото: жоғарғы сот

1 шілдеден бастап жұмыс істеп жатқан кассациялық сотқа бір айда 5 мыңға жуық арыз-шағым түскен. Бұл туралы президенттің қабылдауында болған Жоғарғы сот төрағасы Асламбек Мерғалиев мәлімдеді.

Айта кетейік, бұған дейін кассациялық инстанция ретінде жұмыс істеген Жоғарғы сот барлық шағым-арызды қарамаған. Кей азаматтың өтініші іріктеуден өтпей қалған. Яғни, сот актілерін қайта қарауға негіз бар-жоғы тексерілетін, барлық іс автоматты түрде қарала бермейтін.

Ал жаңа кассациялық соттар осы шектеуді алып тастайды. Істер бірден кассациялық соттың қарауына беріледі.

Ақорданың хабарлауынша, Мерғалиев президентке биылғы 7 айдағы сот жүйесі қызметінің жұмысы жөнінде баяндады.

Айтуынша, азаматтық істер бойынша дауларды шешудің баламалы әдістерін қолдану 24%-ға, 61 мыңнан 76 мыңға дейін өскенін айтты. Оның ішінде медиация, бітімге келу мен татуластыру рәсімдері бар.

Қылмыстық іс жүргізуде тергеу соттарының қамауға алуды санкциялаудан бас тарту үлесі 23 пайыздан 37 пайызға өсті. Ақталған азаматтардың саны (жеке айыптау істерін қоспағанда) 59-дан 88-ге жетті.

Кассациялық сот қалай жұмыс істейді?

Астанада үш кассациялық сот құрылды. Олар:

  • Қылмыстық істер бойынша;
  • Азаматтық істер бойынша;
  • Әкімшілік істер бойынша.

Енді азаматтардың сот үкіміне шағымы сотқа түскен күннен бастап 6 ай ішінде қаралады.

Судьялар бірінші сатыдағы соттардың үкімдері, қаулылары апелляциялық сатыда қаралғаннан кейін оларды қайта қарау туралы кассациялық шағымдарды, апелляциялық сатыдағы соттардың үкімдерін, қаулыларын;

бірінші сатыдағы соттың үкімдері мен қаулыларына олардың апелляциялық сатыда қайта қаралғанына не қаралмағанына қарамастан, апелляциялық сатыдағы үкімдер мен қаулыларға Бас прокурор мен оның орынбасарларының, Бас әскери прокурордың, Бас көлік прокурорының наразылығын қарайды.

Сондай-ақ оқыңыз