Сайран маңында жер үй түгі қалмай өртеніп кетті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Сайран маңында жер үй түгі қалмай өртеніп кетті
Сайран маңында жер үй түгі қалмай өртеніп кетті/Фото: Даниил Селин

Алматыдағы Сайран көлінің маңында жер үй түгелдей өртеніп кетті. Оқиғаның куәгері Даниил Селиннің сөзінше, жалын ғимаратты жылдам шарпып, үй әп-сәтте отқа оранған.

Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпаратынша, өрт Варламов көшесіндегі жер үйде болған.

«ТЖД күштері мен құралдары жеке үйді шарпыған өртті сөндіріп жатыр. Жалын көршілес құрылыстарға тарау қаупі туындады. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылды, ең жақын су көзі (өрт гидранты) небәрі 100 метр қашықтықта орналасқан. Оқиға орнына 50 адамдық жеке құрам және 4 техника жіберілді» делінген ТЖД хабарламасында.

Кеше Алматының Медеу ауданындағы «Горный гигант» шағын ауданында жеке тұрғын үйден өрт шығып, 1000 шаршы метрге дейін таралған.

Сондай-ақ оқыңыз