Алматы әуежайында бір ер азамат өзін-өзі өртеді

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Алматы әуежайында бір ер азамат касса маңында өзін-өзі өртеді/ видеодан алынған скриншот

25 тамызда түнде Алматы халықаралық әуежайының ішкі рейстер терминалында бір ер азамат өзін-өзі өртеді. Жантүршігерлік видео әлеуметтік желілерде тарады.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға дүйсенбі күні түнде сағат 22.06-да Алматы әуежайының «Т-1» терминалында, кассалар орналасқан маңда болған. Полиция қызметкерлері мен қауіпсіздік қызметінің өкілдері өртті сөндіріп, жедел жәрдем шақыртқан.

Ер азаматқа алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, оны қалалық ауруханаға жеткізді.

«Аталған жағдай әуежайдың қызметімен байланысты емес және оның жұмысына әсер еткен жоқ. Алматы халықаралық әуежайы әдеттегі тәртіппен жұмыс істеп жатыр», – деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметі.

Ер азаматтың не себепті мұндай қадамға барғаны әзірге белгісіз. Қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жүріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз