Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа стадион салынады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Алматыда халықаралық деңгейдегі жаңа стадиoн салынады / фото: Алматы әкімдігі

Алматыда 35 мың көрерменге арналған заманауи стадион бой көтермек. Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жаңа арена УЕФА-ның 4-санат талаптарына толық сай келмек. Бұл Қазақстан футболының халықаралық деңгейге шығуына ықпал ететін нысандардың бірі болмақ.

Жоба ерекшеліктері

  • Стадион аумағында бірнеше жаттығу алаңы салынады;
  • Жанкүйерлерге арналған демалыс және ойын-сауық орындары қарастырылған;
  • Қауіпсіздік пен кіріп-шығу жүйелері заманауи стандарттарға сай болады;
  • Стадион маңы абаттандырылып, көлік тұрақтары мен көлік ағынын реттейтін инфрақұрылым жасалады.

Жоба Құлжа және Талғар тас жолдарының қиылысында, шамамен 15 гектар аумақта жүзеге асырылады. Бұл аймақ алдағы уақытта қала үшін көлік-логистикалық хабқа айналып, көрермендер мен қонақтарға ыңғайлы жағдай жасамақ.

«Президенттің тапсырмасына сәйкес жұмысты жеделдетуіміз қажет. Келер жылы құрылыс-монтаж жұмыстары басталуы тиіс», – деді Алматы әкімі Дархан Сатыбалды.

Сонымен қатар, 65 жылдан астам тарихы бар Орталық стадион сақталып, жеңіл атлетика инфрақұрылымын ескере отырып жаңғыртылады.

Сондай-ақ оқыңыз