Тоқаев биылғы жолдауын 8 қыркүйекте жариялайды
Жарияланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 8 қыркүйекте Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай хабарлады.
Айта кетейік, президент бұған дейінгі жолдауын «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деген тақырып аясында жариялады.
Жолдауда ең алдымен су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет екенін айтты. Сондай-ақ болашақта сұранысқа ие болатын кәсіптер үшін білікті мамандар даярлау керек екенін еске салды.
Президент 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады. Осы уақыт ішінде техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалау тапсырмасы берілді.