Қазаннан бастап кімдер медициналық маска тағып жүруге міндетті

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бас санитар дәрігер қаулыға қол қойды/фото: shutterstock

Еліміздің бас санитар дәрігері жаңа қаулығы қол қойды. Құжат тұмау, ЖРВИ және COVID-19 инфекциясының таралмауына бағытталған.

Осылайша, 15 қыркүйекте елімізде тұмауға қарсы вакцина салу басталады. Медициналық ұйымдарда дезинфекция режимі күшейтіледі.

Сондай-ақ 1 қазаннан бастап медициналық ұйымдардың медицина қызметкерлеріне маска тағу режимі енгізіледі.

Тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар жүкті әйелдер мен 1 жасқа дейінгі балаларға үйде шақыруларға бірінші кезекте қызмет көрсетіледі.

Балабақшаларда таңертең балалардың жағдайы тексеріледі. Сол кезде тұмау, ЖРВИ және COVID-19 белгілері бар балалар топтан оқшауланады.

«Жалпы білім беру ұйымдарында бір инкубациялық кезең ішінде бір сыныптағы оқушылар арасында 20-дан 30%-на дейін ЖРВИ ауруы тіркелген кезде кабинетте оқыту жүйесі тоқтатылады және күнтізбелік 10 күн ішінде сыныптарға жаңа балаларды қабылдануға тыйым салынады», – делінген қаулыда.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, 2025 жылдың тамызына қарай Қытайда чикунгунья безгегінің 1,3 мыңнан астам жаңа жағдайы тіркелді

Сондай-ақ оқыңыз