Жамбылда агродрондар құрастырылады

Жамбыл облысында «UNICROP»ЖШС агродрондарды құрастыру кәсіпорнын іске қосты. Жылына 500-1000 агродрон құрастырады деп хабарлайды ауыл шаруашылық министрлігінен.
Әзірге жоспар бойынша, 2025 жылы компания 50–60 дрон , ал 2026 жылы кемінде 150 бірлік сатуы қажет. Кәсіпорын агродрон пилоттарын даярлау бойынша оқыту жұмыстарын да ұйымдастырады.
Агродрондар арқылы егістіктерді тиімді бүрку, тыңайтқыш енгізу, мультиспектралды камераларды пайдалана отырып өсімдіктердің жағдайын бақылауға болады.
«UNICROP компаниясының агродрондарын пайдалану су, тыңайтқыш және жанар-жағармай шығындарын азайтуға, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға, механизация мен қол еңбегіне жұмсалатын шығындарды қысқартуға, топырақты таптау мен өсімдіктерді зақымдауды барынша азайтуға мүмкіндік береді», – деп түсіндіреді министрліктен.
Дрондар тек ауыл шаруашылығында емес қауіпсіздік мақсатында да жұмыс істейді. Биылғы шомылу маусымында Алакөлде дрондар кеңінен пайдаланылған. Дрон арқылы анықталған құқық бұзушылықтар дереу учаскелік инспекторға беріліп, әкімшілік шара қолданылды.