53 жаста берілетін зейнетақы қалай есептеледі

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
53 жаста берілетін зейнетақы қалай есептеледі/Фото: shutterstock
53 жаста берілетін зейнетақы қалай есептеледі/Фото: shutterstock

Әлеуметтік кодекске сәйкес, 5 және одан көп бала туған немесе асырап алған, оларды сегіз жасқа дейін тәрбиелеген әйелдер 53 жасқа толғанда жасына байланысты зейнетақы төлемдерін алуға құқылы.

Зейнетақы тағайындауда не ескеріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, жасы бойынша зейнетақы мөлшері еңбек өтіліне және зейнетке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысқа байланысты.

Зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін еңбек өтілін есептеу кезінде төмендегідей жағдайлар ескеріледі:

  • Еңбек шарты бойынша ақы төлейтін жұмыс істеу;
  • Басқа адамның көмегіне мұқтаж І топтағы мүгедектігі бар адамға, ІІ топтағы мүгедектігі бар жалғызбасты адамға және жасына байланысты зейнеткерге, сондай-ақ сексен жасқа толған қарт адамдарға күтім жасаған уақыт;
  • Мүгедектігі бар 18 жасқа дейінгі балаға күтім жасаған уақыт;
  • Жұмыс істемейтін ананың жас балаларға күтім жасаған уақыты, мұнда әрбір бала 3 жасқа толғанға дейін, жалпы жиынтығы 12 жыл шегіндегі уақыт есептеледі;
  • Орта, арнаулы орта жоғары оқу орындарындағы оқу есепке алынады.

53 жасында зейнетке шығатын көпбалалы аналардың зейнетақысының мөлшері осы факторларға байланысты болатындықтан, әркімдікі жеке қаралып, тағайындалады.

Мүлде жұмыс істемесе ше

Министрлік мәліметінше, заңнамада талап етілетін табыс болмаған жағдайда, толық емес көлемдегі жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін ең төмен зейнетақыға байланысты жүзеге асырылады.

2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі он жыл және одан аз болғанда немесе болмағанда зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейі (46 228 теңге) шамасының 70 пайызы (32 360 теңге) мөлшерінде беріледі.

Бұған дейін, зейнеткерлер мүгедектігі бар жұбайына жеке көмекші атанып, жәрдемақы алса болатыны туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз