Каспий теңізі аумағында 5,5 балдық жер сілкінісі болды

27 тамызда түнгі сағат 01:33 шамасында Каспий теңізі аумағында магнитудасы 5,5 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуін Ақтау қаласының тұрғындары да сезді.
Сәрсенбіге қараған түні Каспий теңізі аумағында қуаты 5,5 балдық жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуін Еуропа жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) тіркеді.
Дүмпу ошағы Дербент (Ресей) қаласының солтүстік-батысында 41 км жерде, 12 км тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісін Дағыстан, Баку, сонымен бірге Ақтау қаласының тұрғындары да сезді.
Қазақстан сейсмология ұлттық ғылыми орталығы да жер сілкінісі болғанын хабарлады. Кәсіпорынның сейсмикалық станциялары тіркеген мәлімет бойынша, жерасты дүмпуі Ақтау қаласынан 209 км жерде орналасқан. Мекеме дүмпу магнитудасын 5,2 балл деп бағалады.
Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің дерегінше, жер сілкінісінен ешкім зардап шекпеді. Ғимараттардың қирағаны туралы ақпарат түскен жоқ. Жағдай тұрақты.