«Қайрат» клубының алдағы ойындары бюджетке 3 млрд теңге әкелуі мүмкін

«Қайрат» клубының Чемпиондар лигасында өнер көрсетеді. Жақында жеребе тасталуы тиіс. Халықаралық матчтардың туристік әсері бар.
Алдын ала болжам бойынша, «Қайрат» клубының Алматыда өткізетін 4 матчына 4 мыңнан астам шетелдік қонақ келеді.
Қазақстан туризмінің ақпаратына қарағанда, бұл еліміздің экономикасына шамамен 3 миллиард теңге көлемінде қаржы әкелмек.
Алматының «Қайрат» футболь клубы тұңғыш рет Чемпиондар Лигасының негізгі кезеңіне шықты.
УЕФА ережелеріне сәйкес, елге келген командалардың жанкүйерлеріне стадиондағы орындардың 5% көлемінде квота бөлінеді. Алматы өтетін әр матчқа өз командаларын қолдау үшін орта есеппен 1000 жуық шетелдік жанкүйер келеді деп күтіліп отыр.
Орташа есеппен елге келген әрбір қонақ шамамен 1400 доллар жұмсайды.
Айта кететін жайт, УЕФА лигасының матчтары 200 астам ел мен аумақта көрсетіледі. Жалпы аудиториясы – жүздеген миллион көрермен.
Кешегі ойында «Қайрат» шотландиялық «Селтикті» ұтып, Чемпиондар лигасына жолдама алды.