7 ай ішінде негізгі капиталға салынған инвестиция 9,9 трлн теңгеге жеткен

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Үкімет 2025 жылы 25 млрд доллар тікелей инвестиция тартуды көздейді /Фото: коллаж kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов
7 ай ішінде негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,9 трлн теңгеге жеткен / Коллаж: kursiv.media, бильд-редактор: Ахтам Зиперов

2025 жылдың 7 айында негізгі капиталға тартылған инвестиция көлемі 9,9 трлн теңгеге жеткен. Бұл туралы Үкімет есебінде жазылған.

Үкімет келтірген мәліметтерге сенсек, 2025 жылдың жеті айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 9,9 трлн теңгеге жеткен. Бұл өкен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштермен салыстырғанда 16,1%-ға артық. Өткен жылы капиталға тартылған инвестиция көлемі 8,3 трлн теңгені құраған.

Жалпы осы жылдың 7 айында елге тартылған инвестициялардың негізгі бөлігі тау-кен өнеркәсібі саласына бөлінген. Сонымен бірге мынадай салаларға тартылған:

  • карьерлерді қазу;
  • жылжымайтын мүлік операциялары;
  • көлік және қоймалау;
  • білім беру;
  • ауыл шаруашылығы;
  • орман және балық шаруашылығы
  • денсаулық сақтау және халыққа әлеуметтік қызмет көрсету.

Осы орайда айта кетсек, Алматы облысының өзінде 2025 жылдың соңына дейін 1,3 трлн теңгенің 35 инвест жобасы жүзеге асырылады.

Ал кеше, 27 тамызда өткен қазақ-иордан биззнес форумында Иордания кәсіпкерлері Қазақстанға инвестиция құюға ниет білдірді. Соның бірі – Al Husseini Group корпорациясы. Иорданиялық инвестор елге 85 млн доллар көлемінде қаражат құйып, асыл тұқымды құс өсіруге ниет білдіріп отыр.

Сондай-ақ оқыңыз