Жолдағы орташа жылдамдық: жүйе 109 мың ереже бұзу фактісін тіркеп үлгерген

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Орташа жылдамдық жүйесі енгізілгені жүргізушілер 109 мың рет жол ережесін бұзған
Орташа жылдамдық жүйесі енгізілгені жүргізушілер 109 мың рет жол ережесін бұзған/Фото: shutterstock

ҚазАвтоЖол 2025 жылдың көктемінен бастап халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік құралдарының орташа қозғалыс жылдамдығын тіркеу жүйесі енгізілгенін хабарлады.

Орташа жылдамдық қашықтықты жүріп өтуге жұмсалған уақыт бойынша есептеледі.

Биылғы наурыз-тамыз айларындағы талдау деректері бойынша орташа жылдамдықты арттырудың 109 мыңнан астам фактісі анықталған.

Ең көп бұзушылық тіркелген учаскелер:

• Шымкент-Қызылорда – 54 863,
• Астана-Щучинск – 29 330,
• Астана-Павлодар – 18 188.

Ең аз бұзушылық төмендегі бағыттарда байқалды:

• Павлодар-Семей-Қалбатау – 3 882,
• Шымкент-Тараз – 1 980,
• Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) – 526,
• Орал-РФ шекарасы (Саратов) – 365,
• Жібек Жолы-Теміртау – 164.

Орташа жылдамдыққа бақылау жүргізілетін учаскелер:

• Астана-Щучинск (жылдамдық шектеуі 140 км / сағ),
• Астана-Павлодар (140 км/сағ),
• Шымкент-Қызылорда (110 км/сағ),
• Шымкент-Тараз (110 км/сағ),
• Павлодар-Семей-Қалбатау (100–110 км/сағ),
• Орал-РФ шекарасы (Саратов) (100 км/сағ),
• Павлодар-РФ шекарасы (Омбы) (100 км/сағ),
• Жібек Жолы-Теміртау (140 км/сағ).

ҚазАвтоЖол орташа жылдамдықты асыру жол-көлік оқиғаларының қаупін арттыратынын, ал бақылау жолдағы қауіпсіз қозғалысты қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өткен.

Бұған дейін, ҚазАвтоЖол қандай жолдарда автозарядтау бекеттері бар екенін хабарлаған.

Сондай-ақ оқыңыз