Телефонның электромагнитті сәулелері халық денсаулығына қалай әсер етеді?

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Телефоннан бөлінетін электромагнитті сәуле адам денсаулығына қаншалықты теріс әсер етеді? / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Телефоннан бөлінетін электромагнитті сәуленің халық денсаулығына әсері бар. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлады.

Техника саны артқан сайын электромагнитті сәуленің әсері күшейеді

«Радиожиілікті электромагниттік өрістер денсаулық пен қоршаған ортаны ластаушылар ретінде жиі анықталады. Қазіргі уақытта ұялы байланыстың қарқынды дамуына байланысты, ұялы телефондардың және басқа да электрондық құрылғылардың қолданылуымен адамдардың өмір сүру ортасы электромагниттік өрістер көздерімен айтарлықтай қамтылған», – делінген комитет хабарламасында.

Техника көбейген заманда адамдардың электромагниттік сәулеге ұшырау жағдайы жиілейтіні мәлім. Өйткені барлық тұрғын аудандардың 90%-нан астам бөлігінде бір немесе бірнеше оператордың сымсыз желісі қосылған, сондай-ақ әр отбасында жаһандық желіге шығу мүмкіндігі бар кемінде бір немесе одан да көп ұялы телефоны бар.

Эндокриндік жүйе әлсіреп, психоэмоционалды жағдай нашарлайды

Комитет мәліметінше ұялы байланысты пайдаланатындар санының шексіз өсуі әрі станциялар санының артуы магниттік сәулеленудің артуына алып келеді. Бұл адам денсаулығына айтарлықтай теріс әсер етеді.

«Бүгінгі күні ұялы телефонның адам денсаулығына тигізер әсері өзекті мәселе болып отыр. Электромагниттік сәулеленудің нормативтік деңгейлерден асып кетуі жағдайында адамдарда әртүрлі аурулардың пайда болуы, соның ішінде иммундық және эндокриндік жүйелердің әлсіреуі, психоэмоционалдық бұзылыстардың пайда болуы орын алуы мүмкін.», – делінген комитет хабарламасында.

Осы орайда комитет жұқпалы емес аурулардың алдын алу мақсатында халыққа мынадай қадамдарды орындауды ұсынады.

  • ұялы телефондарды, компьютерлер мен ноутбуктерді пайдалануды мүмкіндігінше шектеу;
  • электромагниттік сәулелену көздерінің жанында ұзақ уақыт болмау.

Радиофобтар туралы

Айта кетейік, осы электромагнгиттік сәуленің әсерінен қорқатын адамдарды – радиофобтар деп атайды. Бір қызығы, радиофобтар туралы министрлер кабинетінде де жиі айтылады. Мәселен, кезінде Цифрлық даму министрі болған Бағдат Мусин радиофобтар туралы атты. Экс-министр Астанадағы интернет байланысының нашар болуына тұрғындарды кінәлап, радиофобияға байланысты елорданың 28 тұрғын үйінде станция орнату мүмкін болмай жатқанын айтқан.

Мусиннің ойын көп ұзамай ЦДИАӨМ вице-министр Асқар Жанбакин де қайталады. Ол да Астана ғимараттарына базалық қондырғыларды орнатуға радиофобтардың қарсылық білдіріп отырғанын мәлімдеді.

Сондай-ақ оқыңыз