Алматыда 40 қабатты Rams Beyond ғимаратының құрылысы тоқтады

Алматыда 40 қабатты Rams Beyond ғимаратының құрылысы тоқтады. Бұл туралы мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек фейсбуктегі парақшасында жазды.
«Біз бүгін Алматыдағы 40 қабатты РАМС-тың құрылыс-монтаж жұмыстарын тоқтаттық. Рейд кезінде Мемлекеттік архитектуралық-құрылыс бақылауы (МAҚБ) жазбаша талап берді», – деп жазды ол.
Бұған дейін алматылықтар үй кешенінің құрылысын тоқтатуды талап етіп, E-petition.kz платформасына петиция жариялаған еді. Ғимараттың орнына тұрғындар үшін қоғамдық саябақ салу керек деп есептейді. Петиция авторлары биік ғимарат құрылысы алматылықтар үшін қауіпті деген пікірде.
Kursiv Media болған жағдай туралы Rams Beyond баспасөз қызметіне сауал жолдады.
Қаладағы ең биік ғимарат деп таныстырылған кешеннің құрылысы 2025 жылы мамырда басталған. Жауапты – Rams Qazaqstan құрылыс компаниясы.