Алматыда жеңіл көлік өзен арнасына түсіп кетті

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Алматыда жеңіл көлік өзен арнасына түсіп кетті
Алматыда жеңіл көлік өзен арнасына түсіп кетті / фото: Almatinec_live instagram парақшасы

Almatinec_live instagram парақшасында өзен арнасына түсіп кеткен көліктің суреті жарияланды.

Суреттен көлік суға артқы жағымен түсіп кеткені көрінеді. Желіде артқа жүрерде иесі газ педалін аямай басқанға ұқсайды деп топшылап жатыр.

Автордың айтуынша, оқиға Орталық саябақтың төменгі жағында Каперник көшесі маңында болған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

Бұған дейін, Маңғыстауда екі жұмысшы қайнаған суға күйіп қалған оқыс оқиға туралы жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз