Алматының орталық алаңы Реал Мадридті қабылдауға дайын ба – Спорт министрінің жауабы

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
General News бөлімінің редакторы
Орталық стадион
Орталық алаң халықаралық стандарттарға сай ма? / Фото: kursiv.media архив

Алматыдағы орталық алаң әлемдегі ең мықты клубтардың бірі Реал Мадридті қабылдауға сақадай-сай тұр. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Спорт және туризм министрі Ербол Мырзабосынов айтты.

«Матчқа ең мықты команда – Реал Мадрид келеді. Расымен, бұл оқиғалық спорттық туризм. Біздің инфрқұрылымымыз осындай масштабтағы шараларды жүзеге асыруға дайын. Шараға шамамен 4-5 мың турист келеді деп жоспарланып отыр. Қала инфрақұрылымы барлық стандарттарға сай. Алаңымыз да дайын тұр. Стадион УЕФА-ның 4 категориялы стандартына сәйкес келеді», – деді министр.

Сонымен бірге министр, елдің әр өңірінде халықаралық стдандарттарға сай келетін үлкен стадиондар салынатынын айтты. Мәселен, Алматыда 30 мың орындық жаңа стадион салу жоспарланып отыр.

Ал футбол билеттерінің бағасы қандай болатынына қатысты нақты ештеңе айтпады. Айтуынша, билет құны клубпен және УЕФА-мен алдын-ала келісіледі.

«Билет бағасы клубпен және УЕФА-мен келісіледі. Билет сатып алатында көрермендерді алдап, жалған билет сататын платформаларды байқау керек. Оларға алданып қалмас үшін тек ресми сайттарға жүгінген абзал», – деді министр.

Еске сала кетсек, «Қайрат» пен «Реал Мадрид» матчы 30 қыркүйек күні Алматыда өтеді. «Қайраттың» ойындарынан ел бюджетіне түсетін қаражат көлемі 3 млрд теңгені құрауы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз