Арақ ішіп, темекі шегетін мұғалімдерді жұмысқа алмау керек – Қамшыбек Ташиев

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Қамшыбек Ташиев арақ ішіп, темекі шегетін мұғалімдерді мектепке жолатпауға шақырды / фото: KursivMedia мұрағаты
Қамшыбек Ташиев арақ ішіп, темекі шегетін мұғалімдерді мектепке жолатпауға шақырды / фото: KursivMedia мұрағаты

Арақ ішіп, темекі шегетін мұғалімдер енді Қырғызстанда жұмысқа тұра алмауы мүмкін. Ұстаздардың білімді және тәрбиелі болуы шарт.

Қырғызстанның ҰҚМК басшысы Қамшыбек Ташиев мектеп директорларына осындай тапсырма берді.

Қырғызстанның арнайы қызмет басшысы Қамшыбек Ташиев бұл пікірін Джалал-Абадқа келіп, жаңа мектептің ашылу салтанатында айтты.

«Балаларды тәрбиелемес бұрын өзімізді тәрбиелеуіміз керек. Мұғалімдердің бір жерде отырып, темекі тартып, арақ ішкенін көрмеуіміз қажет. Мұны да қадағалау дұрыс болады. Мектепте ғана емес, басқа жерлерде де мұғалім арақ ішіп, темекі шекпеуі, жаман жолда жүрмеуі тиіс. Осының бәрін тексеру – сіздің қолыңызда», – деді ол мектеп директорына.

Қамшыбек Ташиевтің пікірінше, кадр жетпей жатса да, жаман мұғалімді жұмысқа алуға болмайды. Тек қана тәрбиелі, білімді ұстаздарды жұмысқа алу керек.

Ал Қазақстанда мұғалімдердің жалақысы соңғы жылдары екі есе артты.

Сондай-ақ оқыңыз