Abdi дүкенінде Қырымды Ресейдің жері ретінде көрсеткен глобустар сатылған

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Abdi дүкені
Abdi дүкені Ресей Қырымды Ресей жері ретінде көрсеткен глобус сатып келген / Фото: Abdi дүкені архив

Қазақстанның Abdi дүкені Қырымды Ресейдің жері ретінде бейнелеген глобустар сатылған. Бұл туралы TikTok әлеуметтің желісінде тараған видеода айтылған.

Желі қолданушысы Данияр Күленбаев өз аккаунтында Астанадағы Abdi дүкендерінің біріне кіріпі қызық жағдайға тап болғанын мәдімдеді.

«Мен кеңсе тауарларын алу үшін «Abdi» дүкеніне келіп, глобус көріп қалдым. Содан кішкентай мемлекет Израильдің жер шарының қай жерінде екенін білмек болып, зер салып қарадым. Бірақ күтпеген жерден мынадай нәрсені көріп қалдым. Міне, Ресей мен Украинаның шекарасы, бұл тұсы маркермен сызып тасталған», – дейді видео авторы.

Автор көрсеткен картадан Қырым мен Донецк, Луганск облыстары Ресей жері ретінде сары түскен боялғанын байқауға болады.

Қазақстандық дүкеннің ресейлік глобустарды сатып жатқаны туралы ақпарат осы жылдың ақпан айында тараған. Бұл жағдайдан кейін, Abdi компаниясы глобустардың сатылымнан алып тастағанын мәлімдеген еді.

Айта кетейік, Қазақстан Укаринаның оккупациялаған жерлерін Ресейдікі ретінде мойындамайды. Бұл туралы президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылы ашып айтқан болатын.

Сондай-ақ оқыңыз