Ауғанстанда жер сілкінісінен 1400 адам қайтыс болды

Жарияланды
Business News бөлімінің тілшісі
Фото: АР

Ауғанстанның солтүстік-шығысында болған жойқын жер сілкінісінен шамамен 1,4 мың адам қаза тауып, 3 мыңнан астамы жарақат алды. Бұл туралы елдің үкімет өкілі Забихулла Мужахид хабарлайды.

Оның айтуынша, Кунар провинциясында ғана 1 411 адам көз жұмып, 3 124 адам жараланған. Жалпы 5 412 үй қираған.

Associated Press агенттігі құрбандар саны әлі де өсуі мүмкін екенін айтады. Себебі қазірге дейін тек бір провинциядағы дерек жарияланды. Құтқарушылар алыс тау ауылдарына әлі жете алмай отыр, ал ол өңірлер жер сілкінісінен ең қатты зардап шеккен.

Бұған дейін кемінде 600 адамның қаза тапқаны және 1300 адамның жараланғаны хабарланған еді.

АҚШ Геологиялық қызметінің дерегінше, дүйсенбіге қараған түні болған жер сілкінісінің магнитудасы – 6 балл. Жерасты дүмпулері 8 шақырым тереңдікте тіркелген. Эпицентрі Джелалабад қаласынан 27 шақырым шығыс-солтүстік-шығыс бағытта орналасқан. Ең көп шығынға ұшыраған өңір – елдің шығысындағы Кунар провинциясы.

Елдегі қайғылы апатқа Қасым-Жомарт Тоқаев та көңіл айтты.

Сондай-ақ оқыңыз