Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасы жеңілдетілмеді

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болаттың жазасы жеңілдету туралы өтініші қанағаттандырылмады. Алайда ол бұл шешімге шағым түсіре алады.
Алматы облысы Алатау қаласының соты баспасөз қызметінің ақпаратынша, ол мерзімінің өтелмеген бөлігін жеңілдетуді сұраған.
2024 жылдың қазан айында Болат пробациялық бақылау шарттарын бірнеше рет бұзғаны үшін 1 жыл, 5 ай 10 күнге бас бостандығынан айырылған. Ол ескертулерге қарамастан тыйым салынған уақытта қоғамдық орындарға, ресторан мен түнгі клубқа барғаны мәлім.
Болат пен жәбірленушілердің бірі жазаны жеңілдетуді сұраса, ал прокурор мен басқа жәбірленуші қайтадан бостандығын шектеуді ұсынған.
«2025 жылғы 4 қыркүйекте Алматы облысы Алатау қаласының соты сотталған Болат Н.Д.-ның жазаның өтелмеген бөлігін жеңілірек жазаға ауыстыру туралы өтінішін қанағаттандырусыз қалдырды», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ және оған шағымдануға болады.
Еске салсақ, 2023 жылдың күзінде Нұрасыл Болат түнгі клубта екі заңгер – Анна мен Олег Черновтарға шабуыл жасағаны үшін 1,7 млн теңге айыппұл төлеген болатын. 2024 жылдың мамыр айында Жоғарғы сот үкімді өзгертіп, оған екі жылға бостандығын шектеу жазасын тағайындады.
Сол жылдың қазанында пробация талаптарын бұзғаны үшін – тойға барғаны, таңғы 4-те караокеге барғаны және түнгі Алматыда қыдырғаны үшін – оны 1,5 жылға колонияға жіберді.
Депутаттың ұлы апелляция бергенімен, сот оның шағымын қанағаттандырмады.
Мұның алдында депутат Тұрлыхановтың ұлы айыппұл төлеп босап шығудан бас тартқан еді.