Президент Астана әкіміне жаңбыр суына арналған кәріз жүйесін реттеуді тапсырды

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Токаев поручил Касымбеку ускорить строительство школ и дорог в Астане
Тоқаев Астанадағы жол-көлік инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелерін шешуді тапсырды / Фото: aqorda_resmi

Президент Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбекті қабылдады. Әкім Қасым-Жомарт Тоқаевқа елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жайында есеп берді. Бұл туралы Ақорда мәлім етті.

«Жеңіс Қасымбек барлық басты экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика сақталып отырғанын баяндады. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 7 айда 1,2 трлн теңгені құрады. Бұл – өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 42,1 пайызға жоғары. Биыл жалпы құны 300 млрд теңге болатын 55 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Бұл бастамалар 3,6 мың жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді»,- делінген хабарламада.

Елорда басшысы әлеуметтік нысандардың құрылысы, апатты жағдайдағы ескі үйлерді бұзу, тұрғын үй алаптарын дамыту, қаланы абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары туралы да баяндады.

Тоқаевтың қандай тапсырмалары орындалды

  • Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 1 қыркүйекте 28 мың оқушыға арналған 7 жаңа мектеп ашылды;
  • Осы оқу жылында қалада 15 жаңа мектеп пайдалануға беріледі;
  • Былтырғы кезеңде 66 мың оқушыға арналған 24 мектеп, соның ішінде 16 «Келешек мектебі» ашылды.
  • Жыл соңына дейін 4716 студентке арналған 8 жатақхана бой көтереді.
  • Биыл Астанада 170 аула мен қоғамдық кеңістікті абаттандырып, 1 миллионнан аса жасыл желек егу жоспарланып отыр.

Бұден бөлек Жеңіс Қасымбек жылыту маусымына дайындық жайында мәлімет берді.

«Үшінші жылу электр орталығының бірінші кезегін, сондай-ақ «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ стансаларын пайдалануға беру арқылы шаһардың жылыту қуаты 30 пайызға ұлғайған. Яғни қосымша 1100Гкал/сағат қуат өндіре бастады. Биыл «Тұран» стансасының екінші кезегін аяқтау жоспарланған. «Тельман» стансасының құрылысы жүріп жатыр. Екінші жылу электр орталығын кеңейту және «Оңтүстік-Батыс» газ жылу стансасын жобалау көзделіп отыр»,- делінген хабарламада.

Жеңіс Қасымбекке қандай тапсырма берді

Өз кезегінде Президент әкімге бірнеше нақты тапсырма жүктеді. Мәселен,тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және әлеуметтік сала нысандарын алдағы жылыту маусымына дайындау, жаңбыр суына арналған кәріз жүйесін реттеу, жол-көлік инфрақұрылымы мен абаттандыру мәселелерін шешу жөнінде бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ оқыңыз