Карина Ибрагимова бокстан әлем чемпионатында алғашқы жеңіске жетті
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                
                            
Қазақстандық боксшы Карина Ибрагимова Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді. Бұл туралы Ұлттық олимпиада комитеті хабарлады.
57 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз грек спортшысы Панагиота Кузилумен кездесіп, тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Бұл жеңіс Ибрагимоваға әлем чемпионатының 1/8 финалына жолдама әперді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Сағындық Тоғамбай да Ливерьпульдегі әлем чемпионатын жеңіспен бастаған еді.
