Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионатын жеңіспен бастады
                    
                                                    Жарияланды 
                                            
                                    
                                    
                
                                    
                
                             
Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті.
55 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан мексикалық қарсыласы Бриан Оуен Ортизбен кездесіп, 3 раунд нәтижесінде басым түсті.
Еске сала кетейік, бүгін 7 қыркүйек күні тағы бес боксшымыз шаршы алаңға шығады.
