Қазақстан құрамасы Бельгиядан ірі есеппен ұтылды

Әлем чемпионатына іріктеу кезеңінде Қазақстан ұлттық құрамасы Бельгияға қарсы матчта ойсырай жеңілді. Брюссельде өткен кездесу 6:0 есебімен аяқталды.
Алғашқы таймда қазақстандықтар қорғаныста табандылық танытқанымен, 42-минутта Кевин де Брюйне есепті ашты. Араға бір минут уақыт салмай Жереми Доку айып алаңындағы сәтті шабуылдың нәтижесінде есепті еселеп, бельгиялықтар 2:0 есебімен алға шықты.
Екінші тайм басталған соң, алаң иелері қысымды күшейтті. 51-минутта Николас Раскин үшінші голды соғып, Қазақстанның жағдайын қиындатты. 60-минутта Доку дубль жасап, есепті 4:0-ге жеткізді. Ал матчтың соңына қарай Бельгия тағы да шабуылдарын үдете түсіп, 84-минутта бесінші голды Де Брюйне салса, 87 минутта Томас Менье алтыншы голмен кездесуді түйіндеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Астанада Уэльс командасына 1-0 есебімен есе жіберген еді.