Әли Әлиев Бельгиядан ойсырай ұтылған соң отставкаға кететінін мәлімдеді
Жарияланды

Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Әли Әлиев Бельгияға қарсы сәтсіз өткен ойынан кейін қызметінен кететінін жариялады.
«Қысқа ғана айтқым келеді: жеңілісті өз мойныма аламын, бұл – менің кінәм. Футболшылардың еш қатысы жоқ. Елге оралған соң бірден жұмыстан кету жөнінде арыз жазамын», – деді Әлиев матчтан кейінгі сұхбатында.
Әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Брюссельде өткен кездесуде Қазақстан құрамасы Бельгиядан 6:0 есебімен ойсырай жеңілді.
Еске сала кетейік, Әли Әлиев ұлттық құрама тізгінін 2025 жылдың қаңтар айында алған еді. Оның алдында Қазақстан құрамасының бас бапкері ресейлік маман Станислав Черчесов болатын.