Елде күніне балаларға қарсы 9-10 қылмыс жасалады

Жарияланды
General news бөлімінің тілшісі
Елде күніне балаларға қарсы 9-10 қылмыс жасалады
Елде күніне балаларға қарсы 9-10 қылмыс жасалады / фото: shutterstock

Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева парламент кулуарында елде жыл басынан бергі 7 айда балаларға қарсы 1899 қылмыс жасалғанын айтты. Бұл – күн сайын 9-10 қылмыс жасалады деген сөз.

Закиева балаларға қарсы қылмыстың алдын алу үшін жаңа механизмдер енгізілгенін жеткізді.

«Жаңа заң бойынша мобильдік топтар құрылды. Олар балаларға қарсы қылмыстарды, қиын жағдайда тұратын балаларды анықтайды. Отбасылық қолдау орталықтары арқылы көмек ұйымдастырады», – дейді ол.

Уәкілдің сөзінше, сондай-ақ әр облыста психологиялық қолдау орталықтары ашылып жатыр. Солар арқылы барлық мектепке бірыңғай бағдарлама енгізілмек.

«Ол суицидтік көңіл-күйді, буллингті, зорлық-зомбылықты анықтауға бағытталған», – дейді Закиева.

Бұған дейін, Алматы іргесіндегі Талғарда елді дүрліктерген кезекті қылмыс болған. 6 қыркүйек күні Қызылқайрат ауылында ер адам ауыл тұрғынын атып өлтіріп, 2 жасар жиенін ұрлап әкеткен.

Сондай-ақ оқыңыз