Франция парламенті елдің премьер-министріне сенімсіздік вотумын жариялады

Жарияланды
General News бөлімінің редакторы
Франция парламенті елдің премьер-министрі Франсуа Байруге сенімсіздік білдірді / Коллаж: kursiv.media; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Франция парламенті елдің премьер-министрі Франсуа Байруге сенімсіздік вотумын жариялап, отставкасын талап етті. Бұл туралы еуропалық басылымдар хабарлады.

2025 жылдың 8 қыркүйегінде Франция парламентінің төменгі палатасының 364 депутаты Франсуа Байрудың кабинетіне сенімсіздік вотумын жариялауды қолдаған. Ал 194 депутат керісінше Байруға қолдау көрсеткен. 25 депутат қалыс қалған.

Ал Байру дауыс беру басталмай тұрып, министрлер кабинеті ұсынған бюджетті қолдауға шақырған. Ал депутаттар Байру ұсынған бюджет жоспарымен келіспейді. Премьер-министр кабинеті бюджет жоспарында 44 млрд еуроға жуық шығынды қысқартуды ұсынған. Елдің премьер-министрі Франция қарызы көбейіп кеткенін, бюджет дефициті артқан сайын елдің тұрақтылығы әлсірейтінін мәлімдеген.

Айта кетейік Байру Франция үкіметіне 202 жылдың желтоқсанында келген. Оның алдындағы премьер-министр Мишель Барнье де сенімсіздік вотумы жарияланып, қызметтен кеткен болатын. Ол үкіметті небары 3 ай ғана басқарған.

Макронның премьер-министр отставкасын жақын күндері қабылдайтыны айтылады.

Сондай-ақ оқыңыз