Бір депутатқа орта есеппен 195 млн теңге жұмсалады

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Бір палаталы парламент заң шығарушы органның бюджетінің үштен бірін үнемдемек / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова
Бір палаталы парламент заң шығарушы органның бюджетінің үштен бірін үнемдемек / shutterstock, бильд-редактор: Аружан Махсотова

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында бір палаталы парламентке көшу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Жаңа бастама мемлекет үшін қанша қаржы үнемдеуі мүмкін?

Сенат пен Мәжілісті қамтитын парламентті ұстауға кететін шығын соңғы он жыл ішінде тұрақты түрде өсіп отырды. Тек 2020 жылы ғана коронавируспен күреске байланысты бюджет оңтайландырылғандықтан шығын қысқарған.

Соңғы онжылдықтағы инфляцияны ескерсек, бұл шығындар 25%-ға артып отыр. Ал бір депутатқа шаққандағы көрсеткіш мынадай: 2015 жылы бір депутатқа жылына 70 млн теңге жұмсалса, 2024 жылға қарай бұл сома 195 млн теңгеге жеткен. Салыстырмалы бағамен өсім 30% болып отыр. Осы кезеңде депутаттар саны 154-тен 148-ге азайды.

Демек қазақстандықтар референдумда бір палаталы парламентті қолдаса, біраз қаржы үнемделуі мүмкін. Сенат (50 депутат) таратып, Мәжіліс депутаттарының саны (98) өзгермесе, заң шығарушы орган өз бюджетінің үштен бір бөлігін үнемдемек. 2024 жылғы бюджет көрсеткішімен есептегенде, бұл екі палатаны ұстауға кеткен 29 млрд теңгенің шамамен 10 млрд теңгесі үнем болмақ.

Айта кететін жайт, қос палаталы парламент – мемлекеттік органдарға кететін шығындардың ең басты бөлігі емес. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, парламент шығындары – өкілді, атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарға жұмсалған қаржының бар-жоғы 9%-ы ғана.

Сондай-ақ оқыңыз