Көрші елдер озды: Қазақстандағы нақты табыс өсімі ЕАЭО-да соңғы орында келеді

2025 жылдың алты айында Еуразиялық экономикалық одақ елдері арасында Қазақстанда жалақы ең төменгі өсім байқатқан. Нақты орташа айлық небәрі 0,3%-ға ғана артқан. Салыстырар болсақ, жарты жылда Қырғызстанда айлық 11,5 пайызға, ал Беларусьте 11% өскен. Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия ақпаратынжа жазылған.
Бұл дерек қазақстандықтардың тұрмыс деңгейіндегі басты түйткілді тағы бір мәрте айқындады. Қағаз жүзінде жалақы көбейгенімен, халықтың нақты табысы өзгерген жоқ.
2025 жылдың қаңтар-маусым айларында елімізде орташа айлық еңбекақы 434 мың теңгені құрап, былтырғыға қарағанда 10,7%-ға жоғарылаған. Бірақ инфляцияның ызғары бұл өсімді «сорып алып», қазақстандықтардың сатып алу қабілеті бар болғаны 0,3%-ға ғана жақсарды.
Яғни, қалтаға түскен жалақы бір қарағанда қомақты болып көрінгенімен, базар бағасы оның құны артттырмай тұр.
Көрші елдердегі жағдай қандай
- Қазақстанның бұл көрсеткіші ЕАЭО елдері арасындағы ең төменгі меже болып шықты:
- Қазақстан – орташа айлық 434 мың теңге (шамамен 849 доллар), нақты өсім +0,3%.
- Қырғызстан – орташа айлық 42 мың сом (шамамен 481 доллар), нақты өсім +11,5%.
- Беларусь – орташа айлық 2 575 рубль (шамамен 815 доллар), нақты өсім +11%.
- Ресей – орташа айлық 96 216 рубль (шамамен 1 110 доллар), нақты өсім +4,1%.
- Армения – орташа айлық 294 621 драм (шамамен 753 доллар), нақты өсім +2,4%.
Демек, көршілер жалақы өсімін инфляциядан қорғауда бізден көш ілгері. Сондықтан Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инфляция бойынша бірінші орында тұр.