Цифрлық даму министрлігінің кейбір функциялары Ғылым министрлігіне беріледі

Жаслан Мәдиев Цифрлық даму министрлігінің кейбір функциялары Ғылым және жоғары білім министрлігіне берілетінін айтты. Сондай-ақ ведомство базасында жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын мәлімдеді.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында ЦДИАӨМ-нің негізінде ҚР-ның Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатын болады. Бұл ретте инновациялық саясат жөніндегі функциялар ҒЖБМ-ге берілетін болады. Жарлықтың жобасы әзірленді, мемлекеттік органдардың келісуінде жатыр, – деді мниистр үкімет жиынында.
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек министрлікке нақты қандай функциялар берілетінін айтып берді:
- инновациялық гранттар беру;
- арнайы экономикалық аймақтарды дамыту;
- инвестициялық қорлар құру;
- акселерация және бизнес-инкубация жүргізу;
- өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды қаржыландыру;
- инновациялық білім беру және ғылыми бағдарламалар мен технологияларды енгізу және іске асыру.
Еске салайық Президент Тоқаев Қазақстан халқына арнаған жолдауы барысында елде жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі құрылатынын айтты.