Қазақстан батарея мен жатылай өткізгіштер шығармақ

Жарияланды
Business News бөлімінің редакторы
Фото: shutterstock, биль-редактор Ахтам Зиперов

Сирек жер металдарын өңдеу саласындағы төрт басым бағыт айқындалды. Осы бағыттар аясында кемінде жоғары технологиялы үш өндірісті іске қосу жоспарланып отыр. Үкімет отырысында ҚР Индустрия және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаевтың айтуынша, сол үшін Еуроодақ мемлекеттері, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея және Қытаймен) стратегиялық әріптестік орнатылмақ.

Министрдің мәліметі бойынша, басымдық берілетін негізгі бағыттар:

  • Бірінші – батарея материалдары.
  • Екінші – турбиналық қозғалтқыш-тарға арналған ыстыққа төзімді қорытпаларды қайта өңдеу мен өндіру.
  • Үшінші – жартылай өткізгіш материалдар өндіру.
  • Төртінші – тұрақты магниттерді қайта өңдеу.

Сонымен қатар жылына 15 тонны галлий мен марганец сульфаты (Taza Metal Technologies, Tesla сертификатталған өнімдер) мен графит (sarytogan Graphite) өндірісі жоспарланып отыр.

«Келер жылы ыстыққа төзімді қорыт-палар мен тұрақты магниттерді қайта өңдеу жобалары («Жезқазғанредмет» РМК, Үлбі металлургия зауыты, ЕО) іске асырылатын болады», – деді министр.

Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жолдауында жоғары технологиялық салаларды дамытып, алдағы жылдары кемі 3 кәсіпорын ашуды тапсырған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз