Мешіттердің алдына шошқа бастарын қойып кеткен – Париж полициясы

Жарияланды
General News бөлімінің тілшісі
Париж төңірегіндегі мешіттерге қаскөйлік жасалды / фото: Шадияр Өстемір
Париж төңірегіндегі мешіттерге қаскөйлік жасалды / фото: Шадияр Өстемір

Париж бен қала маңындағы мешіттердің алдына әлдебіреулер бес шошқа басын қойып кеткен. Полиция бұл әрекетті «жиренішті қылмыс» деп атады.

Le Figaro-ның хабарлауынша, бұл туралы Париж полициясының бастығы Лоран Нуньес X бағдарламасында мәлімдеді. Сейсенбі, 9 қыркүйек таңертең Париж агломерациясы мен француз астанасындағы бірнеше мешіттің алдына кем дегенде бес шошқа басы қойылған. Ол бұл әрекеттерді «жиренішті қылмыс» деп айыптады.

Шошқа бастардың кейбірі қоғамдық жолда – Париждің 20-шы округіндегі Марей көшесінде, 15-ші округтегі мешіт алдында және 18-ші округте чемодан ішінен табылған.

Тағы екі шошқа басы қала маңындағы ішкі аудандардан табылды. Оның бірі Сена-Сен-Дени департаментіндегі Монтрё қаласындағы «Ислах» мешітінің кіреберісінде, екіншісі О-де-Сен департаментіндегі Монруж қаласында болған.

Мұның алдында елімізде мешітте видео түсірген бойжеткен тағы бір жайтты бөлісті.

Сондай-ақ оқыңыз